Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Навальный тұтқындардың кәсіподағын құрғанын мәлімдеді

azattyq.org

Навальный тұтқындардың кәсіподағын құрғанын мәлімдеді

Алексей Навальный колонияда жұмыс істейтін тұтқындар мен қызметкерлердің кәсіподағын құрғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде ұзақ мерзімдегі жазасын өтеп жатқан оппозициялық саясаткер әлеуметтік желі арқылы хабарлады.Навальный "Промзона" деген атаумен кәсіподақ құратынын айтып, колония басшысына және Жазаны орындау федералды қызметіне өтініш түсіргенін жеткізді. Ол өзінің бұл әрекетінен тұтқындар қатты қорқып, одан сайын қысым күшейеді деп қауіптенген. Навальный әзірге бұл ұйымға тек өзі ғана мүше екенін айтады. Саясаткер "мұндай әрекет үшін түрмеде оңай өлтіріп кете салады" дейді."Осы әрекетім үшін арнайы комиссия күнде ескерту жасап жатыр. Сонымен бірге маған қылмыс жайында ресми "ескертті", - дейді оппозиционер.Бірақ ол соған қарамастан, өзі құрған кәсіподақ ұйымының алғашқы жеңісі бар екенін де жеткізді. Өзінің талабы бойынша тігін цехындағы орындықтарды сүйенетін орындықтармен ауыстырған."Егер сіз тігін цехында жеті-сегіз сағат отырсаңыз, сүйенетін орындық болуы маңызды", - дейді Навальный.Алексей Навальный 2021 жылдың қаңтарында Германиядан емделіп оралғаннан кейін ұсталып, абақтыға қамалды. Ол алаяқтық айыбы бойынша 9 жыл бас бостандығынан айырылған.Халықаралық ұйымдар оны саяси тұтқын деп таныды.Ол түрмеге жабылғаннан кейін, жақтастары да жаппай қуғындалды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар