Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Актриса Тамара Қосыбаева қайтыс болды

kznews.kz

Актриса Тамара Қосыбаева қайтыс болды

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, театр және кино актрисасы Тамара Қосыбаева өмірден озды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазақ мәдениетінің бір көбесі сөгілді. Театрымыздың аяулы анасы болған, халқының қалаулысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, театр және кино актрисасы Тамара Өкіметқызы Қосыбаева 95 жасқа қараған шағында өмірден озды. Аса қадірлі тұлға өлшеулі ғұмырын саф сұлу театр өнеріне арнап, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында ұзақ жылдар жемісті қызмет етті. Театр сахнасында актриса сомдаған Буратино, Әлия Молдағұлова, Күлпаш, Айбала сынды қайталанбас кейіпкерлері көрермен жадында мәңгі сақталмақ. Ғұмырын өнерге арнаған ғазиз жанның қазасы күллі қазақ өнерінің қабырғасын қайыстырып отыр. Театр ұжымы марқұмның отбасына, жақындары мен туыстарына, күллі қазақ жұртының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Жарқын бейнеңіз жадымыздан ешқашан ұмытылмақ емес», — делінген хабарламада.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024