Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қайырымдылық жасаған қазақстандықтарға құрметті атақ беріледі

almaty-akshamy.kz

Қайырымдылық жасаған қазақстандықтарға құрметті атақ беріледі

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен қайырымдылық саласында құрметті атақ беру қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап. Құрметті атақ қайырымдылық жасаушыларға, қайырымдылық ұйымдарына, қайырымдылық еріктілеріне беріледі. Ережеге сәйкес, құрметті атақ құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, Парламент депутаттары кіретін комиссияның шешімі негізінде беріледі. Құрметті атақты беруге ұсынымды қабылдау туралы хабарландыруды уәкілетті орган мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда орналастырады. Комиссия мүшелері ұсынымдарды алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде оларды 3 өлшемшарт бойынша 0-ден 5 балға дейін зерделеп, бағалайды: Әрбір критерий бойынша баллдар жинақталып, жалпы балл қойылады. Комиссияның құрметті атақ беруге үміткерді бекіту туралы шешімі отырыста ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады. Үміткер бағалау парағын іріктеудің үш критерийінің бірінде «0» балл алған жағдайда құрметті атақ берілмейді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар