Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Үркер" ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды

informburo.kz

 Үркер ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін URKER – 2022 Ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар бәйгеге қатыса алады. Өтінімдерді 30 қыркүйектен бастап 19 қазанға дейін қабылданады. Конкурстық жұмыстар 2021 жылғы 2 маусым мен 2022 жылғы 29 қыркүйек аралығында басылымда не интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы. Оқи отырыңыз: Тоқаев: БАҚ туралы заңды қайта қарау қажет Арнайы премиялар: Жұмыстарды құрамына беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасараптаушылар кіретін сыйлықтың тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады. Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, URKER - 2022 естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сый табысталады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024