Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Еурокомиссия украиндарға уақытша пана болу мерзімін ұзартты

azattyq.org

Еурокомиссия украиндарға уақытша пана болу мерзімін ұзартты

Еурокомиссия соғысқа байланысты Еуропа одағына кетуге мәжбүр болған украиндарды уақытша паналату алу туралы директива мерзімін 2023 жылдың наурызына дейін ұзартты.Бұл жөнінде Еурокомиссияның ішкі істер жөніндегі басшысы Илва Йоханссон мәлімдеді. Ол бұл шешім Ресей 10 қазанда Украина қалаларын жаппай зымыранмен атқылағаннан кейін қабылданғанын атап өтті.Йоханссон сөзіне қарағанда, Еуро одақ қазір 4 миллионнан астам украинды уақытша паналатып отыр.Еурокомиссия басшысы оларға жұмыс іздестіруге мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама ашылғанына назар аударды.Дүйсенбі күні таңертең Ресей Украина қалаларын жаппай зымыранмен атқылаған. Киев, Днепр, Харьков, Житомир, Николаев, Кривой Рог және Батыс Украинаның тағы да басқа қалаларына күні бойы дүркін-дүркін зымыран жіберген. Өлгендер мен жараланғандар бар. Бұл шабуыл 24 ақпанда Украинаға басып кіргелі Ресей жасаған ірі шабуыл.Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Украинаның барлық аумағын атқылағанын, негізгі көздегендері энергетика нысандары болғанын мәлімдеді.Ресей президенті Владимир Путин қауіпсіздік кеңесінің отырысында Украина "Ресей жерінде террор жасады, Қырым көпіріне нұқсан келтірді" деп айыптай сөйлеп, зымыран шабуылын "соған жауап" деп атады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар