Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Беларусь Ресей әскерін Украинамен шекарасына орналастыра бастады

azattyq.org

Беларусь Ресей әскерін Украинамен шекарасына орналастыра бастады

Беларусь "аймақ тобы" әскерінің тоғыз мыңға жуық жауынгерін орналастыратынын хабарлады. Беларусь қорғаныс министрлігінің айтуынша, бұл әскер осы елдің "шекарасын қорғауға қажет"."Аймақ күштері құрамына кіретін Ресей әскерінің алғашқы эшелондары Беларуське келе бастады", — дейді Беларусь қорғаныс министрлігінің халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің бастығы Валерий Ревенко Twitter парақшасында.Оның сөзінше, эшелон бірнеше күн бойы келе береді және "әскер саны тоғыз мыңнан аспайды".Беларусьтің қазіргі президенті Александр Лукашенко өткен аптада Беларусь әскері Ресей әскерімен бірге Украина шекарасына орналасатынын мәлімдеп, Украина мен Батыстан қатер төніп тұрғанын айтқан, бірақ дәлел келтірмеген.Беларусь Украинадағы соғысқа тікелей қатыспағанымен Украинаға басып кірген Ресейге материалдық-техникалық көмек беріп отыр. Ресей әскерінің бір бөлігі Украинаға Беларусь жері арқылы кірген және Беларусь жерінен ұшқан Ресей әскери ұшақтары Украина қалаларын бомбалап жүр. Украина жері де Беларусь жерінен зымыранмен атқыланып жатыр.Соғысқа араласаны үшін Беларуське халықаралық санкциясы салынған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар