Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Үйлену тойына келген қонақтар ерекше оқиғаның куәсі болды (ВИДЕО)

paryz.kz

Үйлену тойына келген қонақтар ерекше оқиғаның куәсі болды (ВИДЕО)

Түркістан қаласының тұрғыны Мейіржан мен Ақботаның шаңырақ көтеру тойы Республика күнімен қатар келді. Ұлттық мерекеде жас отбасылардың үйлену тойына келген қонақтар ерекше жайттың куәсі болды. Тойдың ашылу салтанаттында жиналған көпшілік қолдарын жүрек тұстарына қойып, Әнұранды орындады. Желіде тараған видеодан қос жұптың артында екі жігіттің мемлекеттік Туды ұстап тұрғанын көруге болады. Ал, биші қыздар мен той иелері көпшілікпен қосылып, Әнұранды шырқады. Одан соң, салтанатты түрдегі неке қию рәсімін жасаған. Facebook парақшасында жарияланған жазбаға оқырмандар «Мәссаған, керемет, ерекше екен», «Қандай күшті! Бақытты болсын!», «Осы тойға барғым келіп кетті ғой» деп таңданыстарын білдіріп, қызығушылық танытқан. Сондай-ақ, жас жұбайларға бақыт тілеп, алғыстарын айтқан. Айта кетейік, Мейіржан Сайфуллаев Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызмет атқарады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар