Дауыл, көктайғақ, бұрқасын: 13 аймақта ескерту жарияланды
Таңертең және күндіз Алматы облысының таулы, тау етегіндегі аудандарында тұман, солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с солтүстік-батыс желі күтіледі. Қызылорда облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Синоптиктер осы күні Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжады. Түнде Маңғыстау облысының батысында, күндіз орталығында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады. «28 қазанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз солтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Ал Астана қаласында түнде тұман, көктайғақ күтіледі», - деп жазды ведомстводан. Бүгін түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с дейін барады. Түнде Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні - 15-20 м/с. 28 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін барады. Павлодар облысында да көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады. Батыстан жел соғады. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
12 сәуір 2026
12 сәуір 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар