Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей әскерінен азат етілген Харьков облысында тағы бір зират табылды

azattyq.org

Ресей әскерінен азат етілген Харьков облысында тағы бір зират табылды

Украинаның Харьков облысы Боровский ауданы Копанки ауылы маңында 20-ға жуық адам жерленген зират табылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұны жуырда ғана осы аумақтан кеткен Ресей әскері жасаған. Бұл жөнінде Украина ұлттық полициясы хабарлады.Зиратта кемінде 17 адам жерленген болуы мүмкін. Копанки ауылы тұрғындарының айтуынша, орыс әскері 13 сәуірде екі жүк көлігімен мәйіттерді әкеліп, экскаватормен жер қазып, сол жерге тастаған. Солдаттар жерленген орынды орыс күштері танкімен жаймалап, ешқандай белгі қалдырмаған. Өзгелерге де белгі қалдыруға тыйым салған.Қыркүйекте украин армиясы контршабуыл кезінде Харьков облысының Изюм қаласы мен тағы 300 елді мекенді орыс әскерінен азат еткен. Ресей әскері аймақтың солтүстік аудандарынан кеткен. Ізінше Изюмнан 436 адам жерленген зират табылды. Украина билігі оларға эксгумация жасап, көбінің күшпен өлтірілгенін, отызының азапталғанын мәлімдеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024