Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Ол сауап емес, күнә": Имам анасының аяғын жуып, желіге жүктейтіндерге ескерту жасады

kaz.caravan.kz

Ол сауап емес, күнә: Имам анасының аяғын жуып, желіге жүктейтіндерге ескерту жасады

Бұл туралы имам Нұрлан Байжігітұлы айтты, деп хабарлайы Сaravan.kz медиа порталы. "Қазір сәнге айналып бара жатқан бір нәрсені айтқым келеді, ол анасының аяғын жуып инстаграмға салу. Шетелден бір кісі бастап берді, мүмкін, ол үлгі болсын деген ниетпен бастаған шығар. Жасайтын болсаң, көрсетпей жаса. Біреудің анасы жоқ, аяғын жуайын десе, жүрегін ауыртпа. Сондан кейін анасының аяғын жуатын біраз жігіттерді білеміз, инстаграмда жоқ кезде қалай сөйлейтінін. Аяғын шешіп, саны мен балтырын бүкіл дүние жүзіне көрсету сауап емес, күнә. Ананың батасын алу аяғын жуу емес. Осыны түсініп алу керек. Сосын қажылыққа апардым ғой, шубаңызды,брилиантыңызды әпердім ғой деп міндет қылатын балалар бар. Ол дұрыс емес»,- дейді Нұрлан Байжігітұлы.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар