Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырау облысының полицейлері іздеуде жүрген 80 қылмыскерді ұстады

ktk.kz

Атырау облысының полицейлері іздеуде жүрген 80 қылмыскерді ұстады

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылдардан бері 113 қылмыскерге іздеу салынған. «Полиция департаментінің қызметкерлері өткен жылдардан бері тергеу, анықтау және сот органдарымен бірлесе іздеу салынған 113 қылмыскерді ұстау үшін жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізіп келеді. Биылғы жыл басынан бері 80 күдікті ұсталды, 33 қылмыскер әлі ұсталған жоқ. Оның ішінде адам өлтіру күдігімен іздестірілген 7 қылмыскердің 2-еуі ұсталды. Күдіктілер – Жылыой ауданының 1992 және 1994 жылғы тұрғындары. Биылғы 25 қыркүйекке қараған түні жергілікті уақытпен сағат 03:50 шамасында 29 жастағы ер адам оқ жарақатымен Жылыой аудандық орталық ауруханасына түскені анықталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен қозғалған қылмыстық іске қатысты екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Ал, ұйымдасқан қылмысқа қатысты 6 қылмыскер іздестіріліп, Атырау қаласы аумағында жасырынып жүрген 2 күдікті ұсталған. Дәл осындай күдікке ілінген 4 қылмыскерді іздеу әлі жалғасып жатыр. «Жыл басынан бері із-түзсіз кеткен 67 адамға іздеу салынды. Оның ішінде 53 адам табылып, іздеу есебінен шығарылды. Соның бірі Шымкент қаласынан жоғалған 16 жасар жасөспірімнің мұнайлы шаһарда жүргені анықталып, үйіне жіберілді», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024