Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда «Яндекс.Таксиге» қатысты тергеу жүріп жатыр

ktk.kz

Қазақстанда «Яндекс.Таксиге» қатысты тергеу жүріп жатыр

Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов мәлімдеді. Ахметовтың айтуынша, бұл ұйым 17-20 пайыз көлемінде комиссия алады және динамикалық баға белгілейді. Әсіресе, жаңбыр, қар, мереке күндері тұтынушыларға қызмет түрі сұраныстың артуына байланысты айтарлықтай қымбатқа түседі. Егер монополиялық жоғары бағалар анықталса, онда шаралар қабылданып, комиссия төмендетіледі. "Жалпы, такси нарығын цифрландыру кез келген жағдайда нарықты монополиялауға алып келді. Өйткені мұнда маржиналдылық жоғары емес. Агрегаторлар қызмет көлемін ұлғайту арқылы ақша табады. Екінші жағынан, агрегатордың қызметіне сұраныс неғұрлым жоғары болса, оның бағасы соғұрлым жоғары болады. Тарифтердің өсуі осыған да байланысты. Дегенмен, бұл нарықта бәсекелестік бар. Сонымен қатар, "Яндекс. Такси", InDriver, басқа агрегаторлар және такси компаниялары бар. Мұнда барлығын клиент шешеді", - деп түсіндірді БҚДА басшысының орынбасары. Дереккөз: Tengrinews.kz Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар