Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Далада аязда қонғанымызға үш күн болды". Маңғыстау облысында жалақы өсіруді талап еткен мұнайшылар ереуілі тоқтамады

azattyq.org

Далада аязда қонғанымызға үш күн болды. Маңғыстау облысында жалақы өсіруді талап еткен мұнайшылар ереуілі тоқтамады

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Солтүстік Қаражанбас кен орнында жұмыс істейтін Phystech 2 компаниясының жұмысшылары жалақыларын өсіруді талап етіп, далада қонып жүргеніне үш күн болған. Олардың сөзінше, бұған дейін "полиция келіп, киіз үйлерін тартып алған", компания басшылығы "айлықты өсіру мүмкін емес" деген сөзінен танбаған. Ал Phystech 2 өкілдері жұмысшылардың талабы "негізсіз" деп санайды.15 желтоқсанда Азаттыққа берген сұхбатында мұнайшылар компания директоры Ернар Байжалиев пен орынбасары Талғат Қадыровтың жұмыстан кетуін де талап етті.“Үш күн аязда далада тұрғанда “автобусқа отырыңдар” дегеннен басқа ештеңе істеген жоқ. Талаптарымыз орындалмады. Алдағы уақытта олармен жұмыс істей алмаймыз” дейді жұмысшының бірі.Вахталық тәртіппін істейтін мұнайшылар 12 желтоқсанда кен орнына жақын далаға киіз үй тігіп, наразылық ретінде далада қона бастаған. Алайда ізінше полиция келіп, "киіз үйлерін тартып алып", жұртты аязда далада қалдырған. Оның алдында әкімдік өкілдері келіп, шараның "заңсыз" екенін ескертіп, мұнайшыларды таратуға тырысқан. Жұмысшылар сөзінше, бірнеше адам суықта ауырып қалып, үйіне қайтқан. Олар “наразылықты полиция бақылап тұр” деді.Жұмысшылар Азаттыққа 15 желтоқсанда түсірілді деген видеоны да жіберді. Онда киіз үйдің жоғы, жұмысшылардың көрпе оранып, далада тұрғаны көрінеді.Компания өкілдері осыған дейін “наразылар талабын орындау мүмкін емесін” айтқан. Phystech-2 заңгері Дариға Қибасованың сөзінше, компания банкрот алдында тұр.Lada.kz сайты 14 желтоқсанда Phystech II компаниясы басшылығының наразылыққа байланысты жауабын жариялаған. Онда компания өкілдері кәсіпорынның "қаржылық жағдайы қиын" екенін алға тартқан. Басшылықтың айтуынша, кәсіпорын жұмысшыларымен өздері де, уәкілетті органдар да "түсіндіру жұмыстарын" жүргізген. Олар 6 желтоқсанда қабылданған еңбек арбитраж шешіміне сүйенеді. Оған сәйкес, жұмысшылар жалақысы 15-20 пайызға өсіріледі, ал ұжымдық келісімшарт мәселесі 2023 жылдың ақпанынан бастап талқылана бастайды.Жұмысшылары ереуілдеп тұрған Phystech-2 компаниясы мұнай және ілеспе газ өндірумен айналысады. Биыл 2,3 млрд теңге салық төлеген. Компанияға кәсіпкер Қайрат Боранбаев «Физтех фирмасы» деген компания арқылы иелік еткен. Боранбаев бірнеше жыл бұрын бұл бизнесін Нидерландыда тіркелген MKV International b.v. дейтін офшор компанияға жазып берген. Ресми құжаттарда офшор компанияның ресми өкілі ретінде Боранбаевтың ағасы Мұрат Боранбаевтың есімі көрсетілген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар