Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Халықты қораға кіргізетін несие бергіш, "жарылқағыштардың" көзін құрту керек" - Сәуле Әбілдаханқызы

kaz.caravan.kz

Халықты қораға кіргізетін несие бергіш, жарылқағыштардың көзін құрту керек - Сәуле Әбілдаханқызы

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. "Кредитті оңды-солды беріп, сосын халық төлей алмай қалса, жалғыз баспанасын тартып алып зар қақсатпау керек. Ол үшін не істеу керек? Жалғыз баспанасы барлар үйін залогқа қоймайтын заң керек. Залогқа қойып кредит берсеңдер, онда баспанасын (мүлкін) тартып алмайтын, "заморозить" етіп қоятын т.б. жолдарын, шешімдерін заңмен бекіту керек. Ал "Айлыққа дейін", "Мгновенный кредит" деген сияқты халықты қораға кіргізетін несие бергіш, "жарылқағыштардың" көзін құрту керек. Түгел жауып тастаңдар ол пәлелерді. Олардың түбі алаяқтық. Перуашев сияқты депутаттар халыққа пайдалы заң шығарамыз, қатырамыз деп депутат болды ғой. Пажалыста, шығарыңдар осындай заңдарды. Миллион теңге алсақ, екі миллион ғып қайтарамыз. Сұмдық қой. Несие пайызын төмендетіңдер. Әділетті, ақылға сыятын заңдар шығарыңдар. Мемлекеттің іргетасы, тірегі - әділ заң. Сонда халқың бомж болмайды... Халыққа қорған, пана, тіреу, сүйеніш болатын патша, әкім-қаралар маңдайымызға қашан бұйырар екен?..", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар