Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Донецкіде дәмхана атқылауға ұшырап, "Роскосмостың" бұрынғы басшысы Рогозин жараланды

azattyq.org

Донецкіде дәмхана атқылауға ұшырап, Роскосмостың бұрынғы басшысы Рогозин жараланды

21 желтоқсанда кешке Украинаның Донецк облысында "Роскосмостың" бұрынғы басшысы Дмитрий Рогозиннің туған күні тойланып жатқан дәмхана атқылауға ұшырады. Бұл жөнінде Baza және "Типичный Донецк" телеграм-арнасы хабарлады.РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Рогозин жараланған, бірақ өміріне қауіп жоқ.RUPTLY агенттігі жарылыстан кейінгі кадрларды жариялады. Онда кемінде бір адамның опат болғаны көрінеді.Кей ақпаратқа қарағанда, өзін республика жариялап алған "Донецк халық республикасындағы" үкімет жетекшісі Виталий Хоценконың күзетшісі қаза болған болуы мүмкін. Хоценконың өзі жараланған. Baza кемінде бес адамның зардап шеккенін жазды."Роскосмостың" бұрынғы басшысы Дмитрий Рогозин мемлекеттік корпорацияны 2018 жылдың мамыр айынан бастап 2022 жылдың шілдесіне дейін басқарған. Күзде Рогозин "әскери операция" аймағына барып, "сарапшылар тобына" жетекшілік ететінін мәлімдеген. Топтың мақсаты "Ресей армиясы бөлімдеріне әскери-техникалық көмек көрсету" деп айтылды. 21 желтоқсанда Рогозин 59-ға толған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар