Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Соғыстағы күйеуін украин әйелдерін зорлауға шақырған ресейлік солдаттың әйеліне халықаралық іздеу жарияланды

azattyq.org

Соғыстағы күйеуін украин әйелдерін зорлауға шақырған ресейлік солдаттың әйеліне халықаралық іздеу жарияланды

Украина қауіпсіздік қызметі соғыстағы "күйеуін украин әйелдерін зорлауға шақырған" ресейлік әскери қызметкердің әйеліне қозғалған істі тергеп болған, іс сотқа жіберілді. Бұл жөнінде Азаттықтың Украин қызметінің "Схема" жобасы хабарлады.Украина бас прокуроры кеңсесінің хабарлауынша, ресейлік әскери қызметкердің әйелі "соғыс заңы мен ережелерін бұзды"(Украина қылмыстық кодексінің 438-бабы, 1-бөлігі) деп айыпталып отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірақ мұндай жаза ол ұсталып, Украинаға экстрадицияланған жағдайда ғана беріледі.Украина бас прокуратурасының хабарлауынша, күдіктіге мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланған. Ол Киевпен экстрадициялау туралы келісім бар елге барса, ұсталады."Схема" жобасының жазуынша, күдіктінің аты-жөні Ольга Быковская. Биыл сәуірде Украина қауіпсіздік қызметі оның соғыстағы күйеуі Роман Быковскиймен сөйлескен әңгімесін тауып, жариялаған.Украина қауіпсіздік қызметі тергеушілерінің айтуынша, "Ресей азаматы украин қоғамын жеке себеппен жек көруіне байланысты украин әйелдеріне құрметсіздік көрсете отырып, күйеуін – Херсон облысындағы Ресейдің оккупациялық армиясының әскери қызметкерін уақытша басып алынған аймақтағы украин әйелдерін зорлауға шақырған"."Схеманың" жазуынша, Быковская өзінің әрекетімен соғыс кезіндегі бейбіт тұрғындарды қорғау және қарулы қақтығыс құрбандарын қорғау туралы халықаралық конвенция шарттарын бұзған.Ресей басқыншылығы кезінде зорлық-зомбылық оқиғалары Херсон облысында көп тіркелген.Украина ұлттық полициясының мәліметінше, соғыс басталғалы бері Ресей басып алған Украина аймағында 154 зорлау қылмысы тіркелген. Көбі (64-і) Херсон облысында тергеліп жатыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар