Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бразилияда Болсонару жақтастары президент сарайы мен конгресс ғимаратына басып кірді

inform.kz

Бразилияда Болсонару жақтастары президент сарайы мен конгресс ғимаратына басып кірді

Олар сондай-ақ Жоғарғы сот ғимаратына және президент сарайына кірген. Шабуыл үш сағатқа созылды, кейін оның қатысушыларын полиция ұстап әкетті. Бразилия парламенті мен басқа да үкіметтік ғимараттарға шабуыл елдің жаңа президенті Лула да Силваның инаугурациясынан кейін бір апта өткен соң жасалды. Болсонарудың жақтастары оның сайлаудағы жеңілісін мойындаудан бас тартып отыр. Қазіргі таңда жұмыс сапарымен Сан-Паулу штатында жүрген Луис Инасиу Лула да Силва бүлікшілерді «вандализм мен фашизм әрекетін» жасады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, ел тарихында мұндай оқиға болмаған. «Вандалдар сияқты алдына кездескеннің бәрін қиратып жатыр. Қауіпсіздік ойдағыдай қамтамасыз етілмеді деп есептейміз. Мұны жасағанның бәрі жазаға тартылады», - деді Лула. Еске салайық, Бразилияның солшылдар көшбасшысы Луис Инасио «Лула» да Силва өткен сайлауда қазіргі президент, «бразилиялық Трамп» атанған Жаир Болсонаруды аз ғана басымдықпен жеңіп, үшінші рет президент болған еді. Фото: GETTY IMAGES
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар