Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қырғызстан билігі премьер-министрдің жеке басына тиіспеуді ескертті

alashainasy.kz

Қырғызстан билігі премьер-министрдің жеке басына тиіспеуді ескертті

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің басшысы Дайырбек Орынбеков әлеуметтік желілерде үкімет басшысы Ақылбек Жапаровқа жабылып жатқан жалалар ешқандай фактімен расталмағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы Дайырбек Орынбеков Facebook-тегі парақшасында жазды. "Әлеуметтік желілерде министрлер кабинетінің төрағасы - президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровқа "блогер" тарапынан негізсіз жала жабылып жатқаны байқалады. Ақылбек Жапаров мемлекеттік қызметтің барлық деңгейін жүйелі түрде өткен белгілі мемлекет қайраткері. Ол күшті дағдарыс менеджері ретінде танымал, оның арқасында бірқатар салада мемлекеттік бюджет, жалақы және әлеуметтік төлемдер өсті", - деп жазды ол. Дайырбек Орынбеков мемлекеттік қызметкерлер ескертулер мен ұсыныстарды қабылдауға әрдайым дайын екенін айтып, ал әлеуметтік желі қолданушыларын шенеуніктердің жеке басын қорламауға үндеді. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024