Алматыдағы "Оңтүстік" саябағы мемлекеттік меншікке қайтарылды
 
            Еске салсақ, 2007 жылы Бостандық ауданындағы Си Синхай көшесінің оңтүстігінде, Жароков көшесінің шығысында (кад. № 20-313-011-518) жер телімі көпқабатты тұрғын үй салу және пайдалану үшін "Turkuaz Invest" ЖШС жеке меншігіне берілген болатын (Алматы қаласы әкімдігінің 08.11.2007 ж. №9/1097-39 қаулысы), - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Кейін учаске "Jusan Property" ЖШС-не берілді. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесулерінің бірінде қала тұрғындарымен аталған жер учаскесін мемлекеттік меншікке алу және саябаққа абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы бастама көтерілген болатын. 2022 жылғы 5 қазанда Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әкімдіктің жер учаскесін мемлекет қажеттілігіне қайтару жөніндегі талабы қанағаттандырылды, өтемақы сомасы 2 338 817 000 теңге мөлшерінде айқындалды (сарапшылардың 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 5386 қорытындысына сәйкес). 2022 жылғы 22 желтоқсанда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. 2023 жылғы 13 қаңтарда өтемақы сомасы "Jusan Property" ЖШС-не аударылды. Қазіргі кезде Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы "Оңтүстік" саябағын абаттандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті құжаттарды дайындауда.
- Соңғы
- Танымал
- Қазан, 30
- 
                    
- Қазан, 29
- 
                    
- Қазан, 22
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 21
- 
                    
- Қазан, 20
- 
                    
- Қазан, 16
- 
                    
- Қазан, 15
- 
                    
- Қазан, 14
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 13
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 08
- 
                    
- Қазан, 02
- 
                    
- Қазан, 01
- 
                    
- 
                    
- Қыркүйек, 30
- 
                    
- 
                    
                  
                    Басқа жаңалықтар                  
                
                          Күнделікті жаңалықтар
                Бүгін,
31 қазан 2025
              31 қазан 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
          
            Басқа жаңалықтар          
        
           
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                    