Алматыдағы 63-ші автобуста ер адам жыныс мүшесін шығарып, мастурбация жасаған
Алматыдағы нөмірі 63-бағытта қатынайтын автобуста ер адам жас қыздың көзінше жыныс мүшесін шығарып , мастурбация жасаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға куәгері «НемолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Таңсәріге хатпен қоса видеосын жолдаған. "Менен сәл әріректе отырған жігіт маған біртүрлі қарап отырды. Қорқа бастадым. Аздаған уақыттан соң маған қарама-қарсы орынға келіп отырды. Мен оның шалбарының ауы барлығына көрінетіндей ашық тұрғанын байқап қалдым. Бір кезде ол өзінің мүшесін шығарып қоздыра бастады. Басқа орынға ауысып едім қайтадан маған қарама-қарсы келіп отырып алды. Сосын әрине автобустан тұра қаштым. Басқа адамдарда да осы оқиға қайталанбас үшін ол адамның ұсталғанын қалаймын", - делінген хатта. Дина Таңсәрінің жазуынша мұндай сұмдық көріністің еріксіз куәсі болған қыздың жасы 22-де. Қыз видеоға түсіріп алудан басқа қолынан ештеңе келмегенін, шошып қалғандығын жеткізген. Айтуынша, ол кезде қоғамдық көлікте небәрі 4-5 қана жолаушы болған екен.
- Соңғы
- Танымал
- Қазан, 29
-
- Қазан, 22
-
-
- Қазан, 21
-
- Қазан, 20
-
- Қазан, 16
-
- Қазан, 15
-
- Қазан, 14
-
-
- Қазан, 13
-
-
- Қазан, 08
-
- Қазан, 02
-
- Қазан, 01
-
-
- Қыркүйек, 30
-
-
- Қыркүйек, 29
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
30 қазан 2025
30 қазан 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар