Олжас Сүлейменов 86 жасында жаңа қызметке кірісті

Орыс тілді қазақ ақыны Олжас Сүлейменов "Қазақстан халық конгресі" партиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Экспресс К. Алматыда "Қазақстан халық конгресі" жалпыұлттық қозғалысының съезі өтті. Ел аймақтарынан келген бастамашыл топтың мүшелері бағдарламалық құжаттар мен дамудың негізгі бағыттарын талқылады. Съезге еліміздің әр өңірінен барлығы 1 500-ге жуық делегат келді.Партия бағдарламасында экономика, экология, денсаулық мәселесі, сапалы білім беру бағыттары қамтылған. Жиын қорытындысы бойынша Олжас Сүлейменов партия төрағасы болып сайланды. Былтыр мамыр айында Олжас Сүлейменов "Қазақстан халық конгресі" партиясы құрылатыны туралы айтқан болатын.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар