Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Апамның рухы назаланыпты

alashainasy.kz

Апамның рухы назаланыпты

Дастархан басында әңгіме-дүкен құрып отырмыз, біраздан соң сөз төркіні дінге, одан әрі тылсым дүние туралы әңгімеге ауысты. Әркім естігендерін, көргендерін айтып жатыр. Бір кезде Арай деген әйел адам «менің де басымнан бір жағдай өтіп еді» деп құлағымызды елең еткізіп, әңгімесін бастап кетті: - Жеке кәсіпкермін, шаруашылығымды дөңгелетіп ұстап жүрмін. Көңіл тетік. Осылай ойнап-күліп жүрген мен, үйге басым ауырған соң келіп, төсекке қисая кетіп едім, ұйықтап кетіппін. Сол ұйқыдан үй-іші мені оята алмайды, содан анам жедел жәрдем шақырып мені ауруханаға апарады. Дәрігерлер мені баракамера, узи, анализ жасап диагнозымды анықтай алмайды, өйткені ағзамның барлық көрсеткіштері жақсы, былайша айтқанда денім сау, бірақ неге екені белгісіз ес-түссіз комада жатырмын. Дәрігерлер не істерін білмей дал болады. Үш күн өтеді, менде өзгеріс жоқ. Дәрігерлер де күдер үзе бастаса керек. Анам байғұс шырылдап анда – мында жүгіріп, біреулерден мықты көріпкел емші бар, соған қызыңның фотосын апар дегенді естіп, менің фотомды емшіге алып барып көрсетеді. Көріпкел менің фотома қарап отырып: «Қызың ес-түссіз үш күн комада жатыр екен ғой, - дегенде анам таңғалыпты. Емші бәрін қолмен қойғандай айтып беріп: «Қызыңның ауруы жоқ, қызыңның жанында ақ жаулықты екі апаның рухын көріп тұрмын. Қызың екі апаңның қолында еркелеп өскен қыз екен ғой. Тегі апаларыңның рухы қызыңызға ренжулі көрінеді, өйткені қызыңыз бұларды есіне де алмайтын көрінеді. Ал, менің саған айтар ақылым апаларыңның басына барып зиярат жаса, құрмалдық шал. Сонда апаларыңның рухы жұмсарар. Сол кезде қызың есін жинар, - деген соң анам ауылға барып ауыл ақсақалдарын, имамды қорым басына апарып, зиярат жасап, дұға бағыштатады. Аруақтарға құран шығартып, құрмалдық береді. Аталмыш рәсімдерді істеп, үйге қайтып келе жатып анам шыдамай ауруханаға телефон шалса, дәрігерлер: «Сіз қайдасыз? Қызыңыз әлгінде ғана есін жинады, сізді сұрап жатыр» дегенін естіген анам ағыл-тегіл жылай беріпті. Содан анам екеуміз құшақтасып көрісіп мәре – сәре болдық. Өзімде де бар, жасымнан апаларымның қолында өсіп, әке-шешемді «аға-жеңге» деп атап кеткен кезім. Артынан үйлі-боранды болғанда да, әкемнің анасы қолымда тұрды. Апаларымды соңғы сапарға ағайын-туғандармен бірге өзім шығардып салдым. Жұмыс басты болып жүріп, апаларыма дұға бағыштатып, еске алып отыруды естен шығарғаныма өкінемін. Менің қылығыма о дүниеде жатқан апаларымның рухы назаланған ғой. Қазір намаз оқимын, апаларымның рухтарына дұға бағыштаймын, жұма күні садақамды беріп отырамын және т.б. діни рәсімдерді атқарып жүремін. Артынан басымнан өткен жағдайларды еске ала отырып бір ой түйгенім, Алла Тағаланың мейірі түсіп қасиет берген адамдары болады екен. Сол қасиет қонған адамның арқасында өмірге қайта келгендей болдым ғой, - деп ағынан жарылған еді Арай. Ерсін Ерғалиев Дереккөз: el24kz
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024