Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтауда Land Cruiser тізгіндеген жасөспірім полицейлерден әуреге салды

alashainasy.kz

Ақтауда Land Cruiser тізгіндеген жасөспірім полицейлерден әуреге салды

Ақтауда патрульдік полиция талаптарына бағынбаған жасөспірім ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE.KZ телеграм арнасына сілтеме жасап. 7 ақпан таңғы уақытта 30 және 19-шы шағын аудандар аралығында жол ережелерін сақтамай келе жатқан Toyota Pradо автокөлігі назарға ілінді. Жүргізуші полицейлердің көлікті тоқтату туралы заңды талаптарына бағынбай, жауапкершіліктен жалтару мақсатында қашуға әрекеттенген. Көлік көп ұзамай полицияның қосымша күштерінің көмегімен 30-шы шағын ауданда тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізуші 13 жастағы жасөспірім екені анықталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторларға тапсырып, заңды өкіліне ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақтады. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2024