Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Навальный" фильмі BAFTA сыйлығының лауреаты болды

azattyq.org

Навальный фильмі BAFTA сыйлығының лауреаты болды

Канада режиссері Дэниэл Роэр түсірген "Навальный" деректі фильмі кино өнері саласындағы Ұлыбританияның басты сыйлығы - BAFTA​ кино академиясы сыйлығының лауреаты болды. Сыйлық "Үздік деректі фильм" номинациясы бойынша берілген. Жеңімпаздарды жариялау және марапаттау рәсімі 19 ақпанда өтті."Навальный" фильмінің премьерасы 2022 жылы қаңтарда болған. Картинада Ресей оппозиционері Алексей Навальныйдың 2020 жылы тамыз айында қалай уланғаны, Германияда емделгені және өз басынан өткен жағдайды зерттегені, Мәскеуге оралып, қамауға алынғаны баяндалған.Бұған дейін бұл фильмді кино сыншылары да жоғары бағалаған. АҚШ-тың тәуелсіз фестивалінде көрермендер "үздік фильм" деп таныған. "Навальный" фильмін АҚШ-тың CNN телеарнасы мен Британияның BBC Two телеарнасы және HBO Max стриминг сервисі көрсеткен. Картина "Үздік деректі фильм" номинациясы бойынша "Оскар" сыйлығының шорт-листіне ілінген. Фильм Ресейде көрсетілген жоқ.Алексей Навальный 2020 жылдың тамызында Томскіде уланып, көп уақыт ес-түссіз жатқан еді. Оны серіктері Германияға апарып, сонда емделген. Бундесвер сарапшылары мен Франция, Швеция мамандары оның анализдерінен тек Ресейде жасалатын "Новичок" уын тапқан. АҚШ, Ұлыбритания мен Еуропа елдері Ресейден Навальныйдың қалай уланғанын мұқият тексеруді талап еткен. Алайда Ресейде қылмыстық іс ашылмастан қалған.Кейіннен халықаралық басылымдар, "бірнеше жылдан бері Навальныйдың ізіне түсіп келе жатқан ФСБ қызметкерлері улаған" деген зерттеу қорытындысын жариялаған. Оппозионердің өзі Ресей ФСБ-сының қызметкері Константин Кудрявцевпен әңгімесін жариялаған. Бұл әңгімеде улы зат оппозиционерлің іш киіміне Навальный тоқтаған Томск қонақүйінің нөмірінде жағылғаны сөз болған. ФСБ телефон әңгімесін "қолдан жасалған" деп атады.Навальный 2021 жылы қаңтарда Мәскеуге келісімен қамауға алынып, артынша түрлі айыптармен көп жылға сотталған. Оның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша Навальный 30 жылға жуық түрмеде отыруға тиіс. Қазір кездесу құқығынан айырылып, қатаң режимдегі колонияда отыр. Құқық қорғау ұйымдары оны саяси тұтқын деп санайды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар