Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

БҚО-дағы тікұшақ апаты: Зардап шеккендердің жағдайы орташа. Тікұшақ "бір ай бұрын тексерілген"

azattyq.org

БҚО-дағы тікұшақ апаты: Зардап шеккендердің жағдайы орташа. Тікұшақ бір ай бұрын тексерілген

23 ақпанда БҚО-да болған тікұшақ апатынан төрт адам қаза тапты. Төртеуі де "Қазавиақұтқару" қызметкерлері: әуе кемесінің командирі Довлетбай Қанатов, екінші ұшқыш Владимир Афанасьев, борт механигі Сиязбек Андосов және инженер Жәрдем Досқалиев. Апат кезінде жараланған "Қазавиақұтқару" инженері Сергей Щеглов пен "ҚазТрансОйл" желілік құбыржолшысы С.Ерғалиев түрлі жарақатпен Орал қалалық ауруханасына жеткізілген. 24 ақпан күнгі брифинг кезінде төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, зардап шеккендердің жағдаы орташа.Бір күн бұрын Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Чапурино кентінің ашық аумағында 6 шақырым жерде Ми-8 тікұшағы сәтсіз қонып, төрт адам қаза тауып, екі адам жараланған еді.ТЖ министрлігінің мәліметінше, апатқа не себеп болғаны белгісіз. Қазір анықталып жатыр. Апатқа ұшыраған ресейлік МИ-8 тікқұшағы 2021 жылы шығарылған. 2023 жылы 17 қаңтарда Атырау қаласында техникалық тексеруден өткен.Министрліктің айтуынша, 2008 жылы да Қызылордада төтенше жағдай министрлігіне тиесілі МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап, бес адам опат болған. Бұл содан бергі екінші апат.(Ақпарат толықтырылады).
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар