Алматыда Тарас Шевченко ескерткіші маңына бірнеше адам жиналды. Тұрғындар гүл шоғырын қойып жатыр
24 ақпанда Алматыда украин ақыны Тарас Шевченко ескерткіші маңына бірнеше құқық қорғаушы мен белсенді жиналып, Ресей басқыншылығын айыптап, Украинаға қолдау білдірді. Бұған дейін әкімдік белсенділерге Украинаны қолдау акциясын өткізуге рұқсат бермеген еді. Бірақ белсенділер мәселеге бейжай қарамайтындығын көрсету үшін жұма күні түсте осы жерге жиналатынын хабарлаған.Ескерткіш маңында құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов "зұлымдық жазасыз қалмауы тиіс" деді."Қанды соғысқа қарамастан Украина гүлдене берсін. Өз халқын зомбиге айналдырған Путин Гаага сотында заңға сәйкес жауапқа тартылуы тиіс. Әділдікке сай жазаға тартылсын!" деді.Ары-бері өткен тұрғындар ескерткішке гүл қойып жатыр. Көбі – ресейліктер. Азаттық тілшісі сөйлескен ресейліктер былтыр соғыс басталғаннан кейін сәуірде Алматыға қоныс аударғанын, соғысты қолдамайтынын айтты."Еске алу маңызды деп ойлаймын. Мен сияқты Қазақстан азаматтығы жоқ, Ресей азаматы үшін рұқсат етілмеген акция, пикетке шығу әрқашан қауіпсіз деп айта алмаймын. Ал мынадай шара еске алудың қауіпсіз амалы" деді Азаттыққа гүл қойған азаматтардың бірі.Гүл қойғандар арасында Алматы тұрғындары да бар.Айналаны полицейлер бақылап тұр. Жақын жерде бірнеше полиция газелі, автозак тұрғаны байқалды.(Ақпарат толықтырылады).
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
19 тамыз 2026
19 тамыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар