Асанәлі Әшімов: “Қызды айналдыру – өнер, төсекке жату – өмір”

Халық әртісі тіпті, ер мен әйелдің арасындағы анайы байланысты ашық көрсеткен режиссерлерді заңмен жазалауды ұсынды деп хабарлайды КТК арнасы. Ал, депутаттар фонограммамен ән салып, жұртты алдап жүрген әншілерді де жауапқа тартуды сұрап отыр. Қазақ киносының ақсақалы Асанәлі Әшімов соңғы кезде отбасымен бірге отырып отандық киноны көруден қалыпты. Өйткені, төсекте алысқан ер мен әйелдің жыныстық қатынасы ашық насихатталатын болған. Әйгілі актер бұл арсыздықты тоқтату үшін сенаторлардан араша сұрап отыр. Сондықтан Әшімов сексті көрсетуге заңмен тыйым салу керек дейді. "Қызды айналдыру – өнер, төсекке жату – өмір!" Режиссерлар соның ортасын көрсетеді. Ағайындарыңмен көріп отырып ыңғайсыз жағдайға қаласың. Осыны заңмен тыйсақ жақсы болар еді", - дейді Асанәлі Әшімов. Сонымен қатар, жаңа заң бойынша, енді режиссерлер өзі түсірген әр фильмнің мазмұнына басымен жауап береді. Және олардан киноға кәсіби актерлерді шақыру да талап етілмек.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
11 мамыр 2025
11 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар