Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанадағы түнгі клуб қызметкері есірткі сатқаны үшін ұсталды

alashainasy.kz

Астанадағы түнгі клуб қызметкері есірткі сатқаны үшін ұсталды

Астанадағы «Зима» түнгі клубының 22 жастағы қызметкері есірткі сатқаны үшін ұсталды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Полицейлер жігіттің тұрақты клиенттері бар жұмыс орнында мефедрон сатуды ұйымдастырғанын айтты.

«Астана қаласы прокуратурасы ұйғарымының аясында және оның келісуімен Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен кешенді жедел-іздестіру іс-шараларынан кейін 22 жастағы елорда тұрғыны ұсталды.Жеке тінту кезінде оның шұлығынан аса ірі мөлшерде мефедрон есірткі заты табылды», — делінген хабарламада.Күдікті Астана қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол мүлкі тәркіленіп, 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024