Жамбыл облысында әлемнің 8 елінен келген қолөнершілер өзара тәжірибе алмасуда
Тараз қаласында кеше басталған «Тараз – қолөнершілер қаласы» атты ІІ халықаралық көрме жалғасуда. Шара барысында әлемнің 8 елінен келген қолөнершілер өзара тәжірибе алмасуда. Өңірдің туристік имиджін ілгерілету, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға 250-ден астам қолөнершілер қатысуда. – Киізден, жүннен жасалған бұйымдарымызды арнайы Қырғыз Республикасынан алып келдік. Өнімдерімізге қызығушылық танытып жатқан жандар аз емес. Тауарларды біртіндеп сатып жатырмыз. Мұндай іс-шара көптеп өткізілуі керек. Бұл екі елдің арасындағы қарым-қатынасты нығайтады әрі қолөнершілер өзара тәжірибе алмасады. Ал біз қолөнер бойынша жаңа бағыт алатын боламыз, – дейді Қырғыз Республикасының Джалал-Авад облысынан келген Тотықан Өскембаева. Қолөнершілердің бұйымдары «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі «Галерея» мен «Көрме залына» қойылған. Көрмені тамашалауға келген жұрттың қарасы да, еріктілердің саны да қалың. – «Аспара» колледжіің қолдауымен ұйымдастырып жатқан көрме тамаша өтуде. Азия-Тынық мұхиты, Орталық Азия, Еуропа және таяу шетелдерден 250-ге жуық қолөнершілер қатысуда. Қатысушылардың ішінен мен Үндістаннан келген үнді әйеліне көмектесудемін. Дәл қазір сауда қызып жатыр. Көбінесе хна мен білезіктер өте жақсы өтуде, – дейді волонтер Балауса Тұрар. Айта кету керек, шара 4 маусымға дейін жалғасады. Көрме аясында жас суретшілер мен қолөнершілер байқаулары өтеді. Сондай-ақ Тараз қаласының тарихи орындары мен көрікті жерлеріне турлар ұйымдастырылады.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
30 сәуір 2026
30 сәуір 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар