Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей жұма күні Днепр мен Запорожьедегі тұрғын үйлерді атқылады

azattyq.org

Ресей жұма күні Днепр мен Запорожьедегі тұрғын үйлерді атқылады

Жұма, 28 шілдеде Ресей әскері Украинаға ракетамен шабуыл жасады. Днепрде ракета көпқабатты тұрғын үйге түсті. Жергілікті жұрт және ақпарат құралдары Запорожьеде жарылыс болғанын да хабарлады.Днепрде ракета соққысынан 9 адам зардап шеккен, екеуі жасөспірім, деп хабарлады Днепропетровск облысының әскери әкімшілігінің жетекшісі Сергей Лысак. Олар қатты зақым алған.Оқиға орнынан түсірілген видеода көпқабатты үйлердің жоғарғы жағы қирағаны көрінеді.Украина ішкі істер министрлігінің жетекшісі Игорь Клименко Днепрде тұрғын үйге ракета түскенін растады. Шабуыл туралы Украина президенті Владимир Зеленский хабарлады.Зеленскийдің айтуынша, тұрғын үйлерден бөлек, Днепрде Украина қауіпсіздік қызметінің әкімшілік ғимараты бүлінген.Украина бас прокуратурасы соғыс заңдары мен дәстүрін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады.Украина ақпарат құралдарының хабарлауынша, барлау қызметі Ресейдің Нижегород облысындағы Саваслейка әскери әуежайынан МиГ-31 жойғыш ұшағы ұшып шыққанын хабарлағаннан кейін Украинада әуе дабылы іске қосылған. Бұл ұшақ "Кинжал" тектес ракетаны алып жүре жүре алады.Ал Ресей билігі тағайындаған "ДХР" билігі Донецк орталығы атқыланғанын хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, бір адам қаза болған, 8 адам жараланған.Украина Ресей әскерінің атқылауы туралы күн сайын хабарлап келеді. Ресей билігі тұрғын үйлер мен азаматтық инфрақұрылымға соққы жасағанын мойындамайды. Ресей қорғаныс министрлігі әскери нысандарға ғана соққы жасайтынын айтқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар