Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей Новороссийскідегі әскери-теңіз базасына және Қырымға дрондар шабуылдағанын мәлімдеді

azattyq.org

Ресей Новороссийскідегі әскери-теңіз базасына және Қырымға дрондар шабуылдағанын мәлімдеді

Ресей қорғаныс министрлігі түнде Новороссийскідегі әскери-теңіз базасына екі теңіз дроны шабуылдағанын хабарлады. Новороссийскіде Қазақстан мұнайын экспорттайтын Каспий мұнай консорциумының (КТК) терминалы орналасқан."Шабуылға тойтарыс беру кезінде экипажсыз катерлер анықталып, әскери-теңіз базасын күзететін Ресей кемелерінің қару күшімен жойылды" деп жазылған ведомство хабарламасында.Бұған дейін Телеграм-арналар жарылыс болғанын хабарлаған. Baza-ның жазуынша, қала маңында су бетінде ұшып жүрген дрондар атып түсірілген.Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Новороссийскіден бөлек, ұшақ тектес дрондар аннексияланған Қырым аумағындағы нысандарға да шабуыл жасаған. Әуе қорғаныс жүйесі он дронды атып түсірген. Тағы үш дрон радиоэлектронды құралдардың көмегімен істен шығарылған, деп жазылған министрлік хабарламасында. Зардап шеккендер және қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.Ресей қорғаныс министрлігі Новороссийскі мен Қырымдағы шабуылға Украинаны айыптады. Украина жағы әзірге оқиғаға түсініктеме берген жоқ.Новороссийскідегі әскери-теңіз базасында кемелер мен сүңгуір қайықтар шоғырланған. Ал ол жақтағы Каспий құбыр консорциумының (КТК) терминалы арқылы Ресей, Әзербайжан және Қазақстан мұнайы халықаралық нарыққа жол тартады.КТК-ның баспасөз қызметі терминал бүлінбегенін және мұнай тиеу үзілмегенін мәлімдеді.BBC-дің Орыс қызметінің жазуынша, жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде жарылыс КТК терминалында болған болуы мүмкін деп жазған.Былтыр Новороссийскінің теңіз терминалында бірнеше рет апат болған. Ізінше Қазақстан мұнай экспортын әртараптандыру туралы айтқан.Былтыр қарашада Ресей ақпарат құралдары терминалда жарылыс болғанын хабарлаған. Сол кезде украин дроны терминалға соққы жасағаны хабарланған. Ресей билігі оқиғаға түсініктеме бермеген. Ақпаратты терминал иесі "Транснефть" компаниясының өкілдері жоққа шығарған. Украина жағы да Новороссийскідегі жарылысқа байланысты түсініктеме бермеген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар