Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Киев қан құю орталығына бомба түскенін хабарлады

azattyq.org

Киев қан құю орталығына бомба түскенін хабарлады

Ресей әскері жіберген бомба Харьков облысындағы қан құю орталығына түсті, жараланғандар мен қаза болғандар бар. Бұл жөнінде 5 тамыз кешке Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.Ол жартылай қираған нысанның суретін жариялап, оқиға орнында өрт сөндіріліп жатқанын айтты.Мәскеу соққыға түсініктеме бермеді. Ресей әдетте азаматтық нысандарға соққы жасағанын мойындамайды.Бомба түскен қан құю орталығы Харьков облысының шығысындағы Купянск қаласында орналасқан. Ресей әскері шілдеден бері Купянск бағытында шабуыл жүргізуге тырысып жатыр. Украина арналарының хабарлауынша, аймаққа әуеден соққы жиілеген.5 тамызда кешке Ресей Украинаға қанатты зымырандарымен шабуыл жасады. Запорожьедегі зауыт, Хмельницкий облысындағы әуежайға да шабуыл жасалған.Киев уақыты бойынша түнгі сағат 11 шамасында украин армиясы Ресей жағының камикадзе дрондарымен шабуылдағанын хабарлады. Әзірге толық ақпарат түскен жоқ

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар