Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Камчаткада Украинадағы соғысқа барудан бас тартқан әскери қызметкер түрмеге жабылды

azattyq.org

Камчаткада Украинадағы соғысқа барудан бас тартқан әскери қызметкер түрмеге жабылды

Камчаткада әскери сот Украинадағы соғысқа барудан бас тартқан әскери қызметкерді 2,5 жылға қоныс колониясына жіберді.Аты-жөні аталмаған әскери қызметкер мамырда Украинаға қарсы соғысқа барудан бас тартқан.Мамырда дәл осы сот соғыстан бас тартқан өзге екі әскери қызметкерді 2,5 жылға қоныс колониясына жіберген.Соттың мәліметінше, Александр Степанов Украинаға барудан 18 қаңтарда бас тартқан. Андрей Михайлов та командирдің дәл сондай бұйрығын орындаудан бас тартқан. Оларды мобилизация кезінде басшылықтың бұйрықтарын орындамағаны үшін кінәлі деп таныған.Бұған дейін сот 16 ақпанда Петропавл-Камчаткадағы әскери бөлімді басшылықтың рұқсатынсыз тастап кеткен өзге әскери қызметкерге 5 жыл түрме жаза беріп, жалпы режимдегі колонияға жіберген. 27 ақпанда оны ФСБ қызметкерлері аймақтағы елді мекендердің бірінен тапқан.Ресей соты әскери бөлімдерді тастап кеткен әскери қызметкерлерге жиі үкім шығарады. Көп жағдайда оларға түрме жазасын береді.2022 жылы қыркүйекте Владимир Путин соғыс және мобилизация жағдайында әскерден қашқандар мен қызмет орнын тастап кеткендерге жазаны күшейтетін заңға қол қойған. Алғашқы қылмыстық іс 2022 жылы желтоқсанда Мурманскіде қозғалды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар