Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей әскері Запорожье қаласына ракетамен соққы жасады. Қаза болғандар бар

azattyq.org

Ресей әскері Запорожье қаласына ракетамен соққы жасады. Қаза болғандар бар

Ресей әскері Украинаның Запорожье қаласына ракетамен соққы жасады. Бұл жөнінде Украина ішкі істер министрі Игорь Клименко мәлімдеді. Украина президенті Владимир Зеленский үш адамның қаза болғанын хабарлаған. Клименконың айтуынша, бір адам реанимацияға түскен.Жергілікті билік ауруханаға 7 адам жатқызылғанын хабарлады. Үшеуінің жағдайы ауыр деп айтылады.Запорожье облысының әскери әкімшілігінің жетекшісі Юрий Малашко ракета түскен орыннан видео жариялады. Онда православ храмының бұзылғаны көрінеді. Жақын маңдағы сауда орталығы да қираған.Украина ақпарат құралдарының жазуынша, Ресей әскері тұрғын үйді нысанаға алған болуы мүмкін, ал ресейлік Телеграм-арналар нысана "Мотор Сич" зауыты болғанын жазды.Геолокация дерегіне қарағанда, снарядтар қалада құрылыс жүріп жатқан нысаннан 200 метр жерге құлаған.Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак Телеграм-арнасында соққы "Искандер" ракетасымен жасалғанын айтты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар