Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

US Open: Елена Рыбакина үшінші айналымға өтті

alashainasy.kz

US Open: Елена Рыбакина үшінші айналымға өтті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған, өткен жылы осы жарыстың ширек финалына дейін жеткен аустралиялық Айла Томляновичпен кездесуі керек еді.

Аустралиялық спортшы матчқа келуден бас тартты да, Е.Рыбакина ойнамастан үшінші айналымға жолдама алды.

Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен таласады. Ол екінші кездесуінде рейтингте 89-сатыдағы ресейлік Анна Калинскаяны қапы қалдырды – 6:3, 6:4.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастағанын жазған едік.

Юлия Путинцева екінші айналымға шыға алмады.

Сондай-ақ Тимофей Скатов жарыс жолынан шығып қалды.

Жібек Құламбаева Чехиядағы жарыстың ширек финалына шықты.

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар