Алматы-Қонаев тасжолында полиция көлігінің жол апатына ұшыраған сәті видеоға түсіп қалды
Алматы-Қонаев тасжолында патруль көлігі жол апатына түскен сәт видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Кадрларда патрульдік көлік оң жақ қатарға ауысып, жол жиегінде тоқтаған. Осы уақытта артқы жағынан көлік соғылады. Жол-көлік оқиғасы жеңіл көліктің камерасына түсіп қалған.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты туралы мәлімет берді.
"Аталған жол апаты биыл 26 шілдеде Алматы-Өскемен автожолында сағат 14:00 шамасында болған. Мәліметтер бойынша, "Субару" автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, "Хундай" маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан көлікке механикалық зақым келген. Жүргізушілер мен жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.
Дерек бойынша кінәлі жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
"Қазір ЖКО-ның барлық мән-жайын толық, объектив және жан-жақты зерттеу үшін барлық қажетті сараптама тағайындалды", - деді полиция өкілдері.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Күнделікті жаңалықтар
30 маусым 2026