Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Toyota Century кроссовері жолға шығатын күн таяп қалды

alashainasy.kz

Toyota Century кроссовері жолға шығатын күн таяп қалды

Toyota Century кроссовер болады деген ақпарат көптен бері айтылып жүр. Компания Alphard, Vellfire минивэндерін таныстырған кезде жол талғамайтын көліктің сұлбасын көрсеткен. Енді Toyota-ның ресми сайты тұсаукесерге дейінгі кері санақты бастап, Century-дің алғашқы тизерін жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Toyota жаңа өнімнің атын айтқан жоқ, бірақ тизерден оның ірі кроссовер екенін байқауға болады. Терезе астындағы қатпар, шанақтың артқы тіреуі және артқы шамның бір бөлігі анық көрінеді.

Тизерде қара костюм мен ақ қолғап киген швейцар немесе жүргізуші артқы есікті ашып жатқаны бейнеленген. Бұл Century-дің артқы орында отыруды жақсы көретін қалталы клиенттерге арналған машина екенін білдіреді. Toyota ашық мәлімдемесе де, осы тизер арқылы Century-ді жақында таныстыратынын растап отыр.

Жаңа өнім Toyota Grand Highlander платформасына негізделеді, ұзындығы — 5.2 метр. Салон үш қатарлы болмайды, жолаушылар отыратын бөлікте аса сәнді екі орындық қана тұрады. Марка модельді Lexus TX-ке арналған гибрид күштік құрылыммен жабдықтайды. Ол 3.5 литрлік V6 мен электромотордан тұрады, қуаты 412 ат күшіне тең.

Century седаны жапон нарығына арналған, ал кроссовер экспортқа шығады деген болжам бар. «Жапон Cullinan-ының» тұсаукесері 6 қыркүйекте онлайн өтеді.

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар