Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда Галкинге концерт өткізуге неге рұқсат берілмеді

alashainasy.kz

Алматыда Галкинге концерт өткізуге неге рұқсат берілмеді

Алматы қаласының Мәдениет басқармасы ресейлік әртіс Максим Галкиннің концерті не себепті өткізілмейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Максим Галкиннің концерті Алматыда 6 қазан күні Республика сарайында өтуі керек еді.

"Бәріңіз бұл коммерциялық концерт екенін түсінуіңіз керек. Республика сарайында барлық іс-шаралардың кестесі алдын ала жасалған. Олар сұраған күндерде басқа іс-шаралар тұр. Сонымен қатар олар ресми түрде келісім-шарт жасамай, билеттерді сата бастады. Бұлай істеуге болмайды", – деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Бұл ретте ол ұйымдастырушылар басқа күнді таңдап, ресми келісім жасаса, концерт өткізу мүмкіндігін қарастыруға болатынын айтты.

Максим Галкин Қазақстандағы концерттерінің тоқтатылғанына шағымданған болатын.

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар