Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Насыбай атқан "Яндекс" жүргізушісі масайып, рөлде ұйықтап кеткен

alashainasy.kz

Насыбай атқан Яндекс жүргізушісі масайып, рөлде ұйықтап кеткен

Танымал актер Асылхан Төлеповтің жұбайы Айсұлу Нарымбекқызы "Яндекс" жүргізушісі рөлде келе жатып насыбай атқанын, соның әсерінен жолда ұйқылы-ояу күйде көлік жүргізгенін айтып шағымданды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Айсұлу Нарымбекқызының сөзінше, көлікте үш кішкентай бала да болған.

"Яндекс, такси жүргізушілеріне назар аударыңыздар. Салонда үш баламен отырдық, жүргізуші көлік тізгінінде келе жатып, насыбай атып отырды. Сөйтіп, ұйықтап кетті. Рөлде отырып. Біздің ескертуімізге елең етпеді, өйткені ұйқылы-ояу күйде отырды. Бағаны аспаннан алғандарыңыз аздай, енді жүргізушілеріңіз де аспанда қалықтап жүр", - деп жазған ол.

Бұл мәселеге қатысты "Яндекс" компаниясына сауал жолданды.

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар