Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей сыртқы барлау қызметінің Мәскеудегі кеңсесінің алдына Дзержинскийдің ескерткіші орнатылды

azattyq.org

Ресей сыртқы барлау қызметінің Мәскеудегі кеңсесінің алдына  Дзержинскийдің ескерткіші орнатылды

Ресей сыртқы барлау қызметінің Мәскеудегі штаб-пәтерінің алдына советтік жазалаушы органның бірі болған НКВД негізін қалаушы Феликс Дзержинскийге ескерткіш орнатылған. Бұл жөнінде ТАСС хабарлады.Ескерткішті ашу салтанатына сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышшкин қатысқан. Ол Дзержинский "мейірім мен әділетке негізделген қоғам құруды армандады" деп сөйлеген.Большевиктердің 1917 жылғы революциясынан кейін Феликс Дзержинский Бүкілресейлік төтенше комиссияны (ВЧК) басқарды. Бұл мекеме совет өкіметінің жазалаушы органына айналып, миллиондаған адамды жазықсыз қамауға алып, қуғындады. Мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін чекист деп атады. Қазіргі Ресей сыртқы барлау қызметінің қызметкерлерін де әлі күнге чекистер деп атайтындар бар.Дзержинский ескерткіші Мәскеудегі Лубянка алдында 1958 жылы орнатылған. 1991 жылы жүзеге аспай қалған Тамыз төңкерісінен кейін бұзып тастаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар