Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта ресейлік сарбаздар қаза тапқанын хабарлады

azattyq.org

Ресей қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта ресейлік сарбаздар қаза тапқанын хабарлады

Таулы Қарабақта Ресей сарбаздары көлікпен кетіп бара жатқанды оққа ұшқан деген ақпарат тарады. Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 20 қыркүйекте ресейлік әскери қызметкерлер отырған көлік бақылау постынан қайтып келе жатқанда оқтың астында қалған. Көліктегілердің барлығы мерт болған деп хабарлады министрлік. Бірақ олардың нақты санын айтпады.Ақпаратқа қарағанда, оқиға Джанятаг елді мекенінің маңында болған. Қазір ол жерде Ресей мен Әзербайжанның тергеу қызметтері жұмыс істеп жатыр.Сәрсенбінің кешінде Әзербайжан қорғаныс министрі осы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, қаза тапқандардың жақындары мен серіктеріне көңіл айтты. Әзербайжан жағы бұл оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатқанын айтып, сабыр сақтауға шақырды.Ресей әскери басшылығы бұл оқиғадан бөлек, бейбіт тұрғындарды эвакуациялау кезінде де оқ астында қалғанын хабарлады. Ол жерде ешкім зардап шекпеген.20 қыркүйекте Таулы Қарабаққа қарасты Мец ауылының тұрғыны Севан Манджикян Азаттықтың Армян редакциясына "Ресей мен Әзербайжан әскери қызметкерлері атысып қалғанын" айтқан еді, алайда Баку мұны жоққа шығарды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар