Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дрон шабуылы қаупіне байланысты жексенбі күні кешке Мәскеу әуежайлары жабылған

azattyq.org

Дрон шабуылы қаупіне байланысты жексенбі күні кешке Мәскеу әуежайлары жабылған

Жексенбі күні кешке Украина дрондары шабуыл жасауы мүмкін деген қауіпке байланысты Мәскеу әуежайлары уақытша жабылған."Внуково әуежайына жергілікті уақытпен 22:26-да уақытша шектеу қойылды" деп хабарлайды "Мәскеу" агенттігі. Шамамен сол уақытта Домодедово әуежайы да жұмысын шектеген. Шереметьево әуежайында да бірнеше рейс кідірген. Әуежайлар 25 қыркүйекте түнде қайта іске қосылған.Себебі ресми түрде айтылмаған. Бірақ әдетте мұндай шектеулер Мәскеуге камикадзе дрондар шабуыл жасағанда енгізіліп жүрген.Тула облысының үкіметі дрон құлатылғанын хабарлаған. Бұған дейін бұл облыста әуе кеңістігі жабылған. Жексенбі күні түстен кейін Ресей қорғаныс министрлігі Брянск облысында "ұшақ тәрізді дрон" атып түсірілгенін мәлімдеген. Аннексияланған Қырымның Севастополь аймағында Ресей әуе қорғанысы жұмыс істегенін куәлер хабарлаған.2022 жылы Ресей Украинаға басып кірген соң халықаралық әуе компаниялары Украинаға ұшуды доғарған. Азияның, Беларусьтің, Түркияның әуе компаниялары Мәскеуге дрон шабуылдап жүргеніне қарамастан Ресейге ұшып жүр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар