Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ-та бомбалаушы жаңа ұшақ алғаш рет әуеге көтерілді

azattyq.org

АҚШ-та бомбалаушы жаңа ұшақ алғаш рет әуеге көтерілді

АҚШ-та стратегиялық бомбалаушы ұшақ "Нортроп Грумман" Б-21 "Райдер" алғаш рет әуеге көтеріліп сыналды. Куәгерлердің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.Reuters-тің жазуынша, ұшақ 10 қарашада таңертең Лос-Анжелестен шамамен 100 шақырым жердегі АҚШ әуе-әскери күштерінің 42-зауытының аэродромынан ұшып шыққан. АҚШ әуе-әскери күштері сынақ жөнінде алдын ала хабарламады, алайда оның ұшуын шамамен отыз шақты авиация энтузиастары мен фотограф-әуесқойлар бақылап тұрды.Құпия бомбалаушы ұшақ алғаш рет былтыр желтоқсанда көпке таныстырылған. Ұшақ АҚШ қару жүйесіне бірнеше жылдан кейін қосылады. Ол ұшқыш қанат схемасы бойынша құрастырылған, радарға көп түсе бермейді және ядролық қару алып жүре алады. Болашақта ұшқышсыз да басқарылуы мүмкін.Пентагон осындай үлгідегі 100-200 ұшақты сатып алуды жоспарлап отыр. Б-21 ұшағының құны көпке ашық айтылмайды. Жоспарлау кезінде оның бағасы 550 млн доллар деп айтылған.Стратегиялық бомбалаушы ұшақ АҚШ әуе-әскери күштерінде 1973 және 1987 жылдары шығарылған Б-1Б және Б-2А ұшақтарын алмастыруға тиіс. Дегенмен 1952 жылы құрастырылған Б-52 "Стратофортресс" ұшақтары авиация құрамында кемінде 2040 жылға дейін қалмақ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар