Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей келер жылдан бастап 18 жастан 30 жасқа дейінгі азаматтарын әскерге шақырады

azattyq.org

Ресей келер жылдан бастап 18 жастан 30 жасқа дейінгі азаматтарын әскерге шақырады

Ресей үкіметі әскери есепке тұру жөніндегі заңға өзгерістеренгізді. Бұл өзгерістен кейін, 2024 жылдан бастап 18 жастан 30 жасқа дейінгілер әскерге шақырылады. Бұған дейін әскерге алынатындардың шекті жасы - 27 жас деп белгіленген.Бастапқыда әскерге 21 жастан бастап шақырылсын деген де ұсыныс болған. Алайда бірінші оқылымнан соң кері қайтқан. Ресей думасы қорғаныс комитетінің төрағасы Андрей Картаполовтың сөзінше, демографиялық жағдайға байланысты әскерге шақырылатын Ресей азаматтары азайып барады.Украинаға жаппай басып кірген соң Ресей әскери қызметке байланысты заңдарын бірнеше рет өзгерткен. Әскерге шақырылғандар мұнан былай алғашқы күндерден-ақ келісімшарт қызметіне өте алады. Әскери комиссариатқа келмегені үшін айыппұл үш мың рубльден 30 мың рубльге дейін көтерілген. Түрмеде отырғандарға арнап, әскери есепке тұрудың ерекше режимі бекітілген, бұрын олардың әскерге баруға құқығы жоқ болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар