Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыдағы хостелде өрт кезінде қаза тапқан Қазақстан азаматтарының отбасыларына 1 млн теңгеден бөлінеді

almaty-akshamy.kz

Алматыдағы хостелде өрт кезінде қаза тапқан Қазақстан азаматтарының отбасыларына 1 млн теңгеден бөлінеді

Қаза тапқан Қазақстан азаматтарының туыстары 1 млн теңге көлемінде материалдық көмек алады, тиісті тапсырманы қала басшысы Ерболат Досаев берді. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек бөлінетін болады. Сондай-ақ, бұрын айтылғандай, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денелерін көрсетілген жерлерге, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға жәрдемдесетін болады. Бұдан басқа, жерлеу процесін қоса алғанда, Алматы қаласының аумағында жерлеуді ұйымдастыруға толық жәрдем жасалады.», - деді Айдар Жақыбаев.

Қаза тапқан шетел азаматтарының отбасыларына мәйіттерді жерлеу орындарына дейін тасымалдауға көмек көрсетілетін болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар