Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей әскерінің "тұтқынға берілген украин жауынгерлерін өлтіргені" жөнінде видео жарияланды

azattyq.org

Ресей әскерінің тұтқынға берілген украин жауынгерлерін өлтіргені жөнінде видео жарияланды

Украина қарулы күштері тұтқынға берілген украин әскери қызметкерлерін Ресей солдаттарының "атып өлтіргені жайлы" видеоны тексеріп жатыр. Бұл жөнінде "Украинская правда" сайты жазды.Тұтқындар өлімі жөнінде ақпаратты украиналық DeepState телеграм-арнасы хабарлап, видео жариялады. Ақпаратқа қарағанда, украин әскері оқ-дәрі біткеннен кейін тұтқынға берілуге мәжбүр болған. Видеода блиндаждан қол көтеріп бір адам, сосын екінші адам шыққаны көрінеді. Бұдан соң ресейлік солдаттар оларға оқ атқан.Телеграм-арнасының жазуынша, оқиға Авдеевка елді мекенінің солтүстік-батысындағы Степовое деген ауылда болған. Ресей әскері украин әскеріне оқ-дәрі жеткізетін жолды кесу үшін ауылды басып алуға тырысып жатыр.Бұған дейін тұтқынға берілген жауынгерлерді атты деген айыптаулар Ресейге де, Украина жағына да айтылған. Бұл соғыс заңына қайшы. Осыған дейін жарияланған тұтқындарды атқаны жайлы бірқатар видеожазбалардың шын екенін БҰҰ мен құқық қорғау органдары растаған.Украина қарулы күштеріне қарасты "Таврия" шұғыл-стратегиялық басқарма өкілі Александр Штупун Ресей әскері "күн сайын соғыс ережелерін бұзып жатыр" деді. Оның сөзінше, видео соған дәлел бола алады. Штапунның айтуынша, қазір видео тексеріліп жатыр. Ресей жағы видеоға түсініктеме берген жоқ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар