Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

18 жыл бұрын жоғалған түркістандық әйел Құлсары қаласынан табылды

ktk.kz

18 жыл бұрын жоғалған түркістандық әйел Құлсары қаласынан табылды

Оның жақында Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласына келгені анықталды, деп хабарлайды Kazinform. Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 34 жастағы әйелге 2005 жылы іздеу салынған. Ол сол жылы анасымен ренжісіп, үйінен кетіп қалған. Содан бері отбасымен, туыстарымен байланысқа шықпаған.

Еліміздің бірнеше қаласында, оның ішінде Алматы мен Шымкентте тұрған. Түрлі мекемеде тазалықшы болып жұмыс істеген. Алайда, оның жеке басын куәландыратын құжаты жоқ. Сол себептен, полиция қызметкерлерінің бақылауына алынған.

«Түркістан облысынан 18 жыл бұрын хабар-ошарсыз кеткен әйелдің жақында Құлсары қаласына келгені анықталды. Оның табылғаны туралы Түркістан облыстық полиция департаментіне хабарланды. Табылған әйел туыстарымен, оның ішінде анасымен телефон арқылы байланысқа шығып, сөйлесті. Енді оны туыстарына жіберу үшін тиісті іс-шара қабылданды. Оған құқықтық кеңес берілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар