Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елімізде кальянға айыппұл сомасы өседі

ktk.kz

Елімізде кальянға айыппұл сомасы өседі

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева айтты, деп жазады kazinform.

«Қазір кальянды мейрамханалар мен түрлі барларда ұсынып жатқанын білеміз. Бұл ретте, Мәжіліс депутаттарымен бірлесе тиісті нормаларды пысықтап жатырмыз. Әкімшілік кодекс аясында айппұл сомасын көтеру ескеріліп отыр. Сонымен қатар, жаңа нормалар енгізілмек. Яғни, қолданыстағы заңнама кальян шегетіндерге қатысты шара қолдануды ғана реттейді. Алайда рестораторларға немесе осы темекі заттарын өз нысандарында өткізетін кәсіпкерлерге қатысты нормалар қарастырылмаған. Сондықтан осы мәселелерді пысықтап жатырмыз», - деді Г. Сәрсенбаева Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда жаңа нормалар аясында айппұл сомасы артып, кәсіпкерлердің жауапкершілігі күшейтіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар