Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістанда “Nauriz BIG FEST” халықаралық фестивалі...

turkistan.today

Түркістанда “Nauriz BIG FEST” халықаралық фестивалі...

Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Конгресс Холл» кешенінде «Наурыз BIG FEST» халықаралық фестивалі өтті,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мерекелік жиында қала басшысы Нұрбол Тұрашбеков ашып беріп, қалың көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтады. Содан соң қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаевпен бірге қаланың дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар жанға «Құрметті азаматы» атағын тапсырды.Жиында Түркия елінің танымал әншісі Murat Yaprak, көршілес Өзбекстаннан Dj King Macarella, еліміздегі танымал өнерпаздар Turar, Aikyn, Amalyat қонақ болды. Кешті Ғазиз Ерболат пен Ақболат Өтебай жүргізді. Сондай-ақ Aida Kaumenova брендінің арнайы сән көрсетілімі өткізілді. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған концертке келушілерде есеп жоқ. Лық толы залдан орын болмаса да, үш сағатқа созылған шараны тік тұрып тамашалады. Түркістандық көрермен әлемге танылған хит әндерді қосыла шырқап, би биледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024