Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Крокус» концерт залында болған лаңкестік әрекетке қатысушыларға айып тағылды

ktk.kz

«Крокус» концерт залында болған лаңкестік әрекетке қатысушыларға айып тағылды

Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі күдіктілерді тұқындау туралы ұсыным түскен Басман сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Рачабализода Саидакрами Муродали мен Мирзоев Далерджон Баротовичке 3 бап, «б» бөлігі мен 205 тармақшасы бойынша (адамдармен топтасып, кісі өліміне алып келген теракт жасау) айып тағылды», - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айыпталушы екі адамды да сотқа Федералды қауіпсіздік қызметінің арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкерлері алып келді. Сот отырысы тергеу құпиялылығын сақтау мен сот процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жабық режимде өтеді.

Кешірек тергеу комитеті «Крокус сити холл» залындағы терактіге қатысты деген айыпты тағы екі адамға тақты. Олардың екеуі де тиісті шешім қабылдау үшін Басман сотына жеткізілді.

«Сотқа Файзов Мухаммадсобир мен Фаридуни Шамсидин жеткізілді. Оларға РФ ҚК-нің 3 бабы «б» бөлігі 205 тармақшасы бойынша (адамдармен топтасып, кісі өліміне алып келген теракт жасау) айып тағылды», - деп хабарлаған ТАСС агенттігіне соттың баспасөз қызметі.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024